Шу – дамудың даңғыл жолында

0 183

Облыс орталығынан шалғайда жатқан Шу ауданында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысымен Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 101,7 пайызға, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 101,0 пайызға, ауыл шаруашылығы саласының өнімі 103,0 пайызға, құрылыс жұмыстары 103,7 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 110,6 пайызға, қаржы игеру көрсеткіші 100 пайызға орындалды. Қаңтар-маусым айларының қорытындысымен ауданда 36,0 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

Ауданда барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 5,7 миллиард теңге қаражат бөлініп, 57 жоба іске асырылуда. Жобаларды іске асыру арқылы 1,5 мың жұмыс орны ашылады.

Аудан экономикасының негізгі қозғаушы саласы ауыл шаруашылығы екені белгілі. Өңірде асыраушы сала алшаң басып, шын мәнісінде аудан экономикасын дамытудың драйверіне айналған. Негізі Шу өңірі — төрт түлік мал ұстауға қолайлы аймақ. Бүгінде бай өлкенің мүмкіндігін тиімді пайдаланып, атакәсіпті өркендетіп, өрісті малға толтырып отырғандар аз емес. Нәтижесінде Шопан ата таяғын қолға алған шаруалар кіріс көзін молайтып, табыс тайқазанын тасытып, өңірдің ауылшаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосуда.

Биылғы жылдың өнімі үшін 126931 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, 10084 гектарға сүр айдалған. Жер пайдалану көрсеткіші 100 пайызға орындалған. 7560 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізіліп, өткен жылмен салыстырғанда  су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптар 2060 гектарға ұлғайыпты.

Мал шаруашылығы саласында да барлық түліктер санатында және барлық өнім түрлерінде өсім қалыптасқан.

Қаңтар-маусым айларында ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан жалпы 970,6 миллион теңге қаржы берілген. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы аясында 65 адам 246,2 миллион теңге шағын несие алса, 607 азаматқа 350,0 миллион теңгеге өз кәсібін бастауға қайтарымсыз грант беріліпті. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 39 жеке кәсіпкер 327,9 миллион теңгеге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 3 кәсіпкер 46,5 миллион теңге несие алыпты. Нәтижесінде аудандағы жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны 7102-ні құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға өскен.

Осылайша қыдыр дарып, бақ қонған, ырыс жайлаған Шу ауданында мемлекеттік қолдаудың арқасында бас бармақпен бағалауға тұрарлық тірліктер атқарылуда. Алты айдың қорытындысына көз жүгіртсек, әрбір салада ілгерілеушілік байқалады

Leave A Reply

Your email address will not be published.