ШҚО полиция қызметкерлері даладан “ұрланған” бір табын жылқыны тапты: олардың иесі жазаланатын болады

0 202

ШҚО полиция қызметкерлері даладан “ұрланған” бір табын жылқыны тапты. Ағымдағы жылдың 31 мамырында Ұлан ауданының полиция бөліміне шаруақожалықтардың бірінің жұмысшысы жайылымнан 40 бас жылқының ұрланғаны туралы жүгінген.

Аталған факті бойынша дереу ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оның аясында полиция қызметкерлері тергеу әрекеттеріне және іздеу іс-шараларына кіріскен болатын.

Автожолдарды және ет өнімдерін өткізу орындарын жедел жабу қамтамасыз етілді. Жеке құрам күштерін барынша тартумен қатар арнайы техника, яғни ұшатын дрондар, тіпті тікұшақ та жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері жергілікті жерлерді мұқият тексеру және тікұшақпен жоғарыдан қарау нәтижесінде бір табын жылқыны бұрынғы жайылған орнынан едәуір қашықтан тауып, иесіне қайтарды. Анықтап тексеру барысында мал иесі малдардың қараусыз жайылып жүргенін, салдарынан олардың жоғалып кеткенін мойындады.

Осы шаруақожалықтың жұмысшылары тарапынан “Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын” бұзушылық пен немқұрайлы қарау жағдайы бірінші рет емес екені белгілі. Бұрын олар сегіз рет ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, алайда оларға айыппұл салғаннан ешқандай нәтиже жоқ.

Аталған факті бойынша мал иесіне қатысты тоғызыншы рет әкімшілік жаза қолданылатын болады. Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: – Ағымдағы жылдың басынан бері ШҚО полиция қызметкерлері осындай жағдай бойынша 88 іздестіру іс-шараларын өткізді, яғни мал иелері малының жоғалғаны туралы жүгінеді, бірақ кейіннен оларды ешкімнің ұрламағаны анықталады.

Қараусыз қалған малдар табылуы қиын жерлерге ұзап кетіп отырған. Барлық жоғалған мал, яғни 370 әртүрлі мал басы іздестіріліп, иелеріне қайтарылды. ШҚО Полиция департаменті мал иелерін, оларды жаю қағидаларын сақтауға шақырады және белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді.

polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.