ШҚО-да екі күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

0 253

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 12 мамырда «102» шұғыл нөміріне қоңырау соққан әйел 2004 жылғы ұлының жоғалып кеткенін жеткізген.

Тәртіп сақшылары 11 мамыр күні үйден сыртқа шығып сол күйі оралмаған Юрий Богомоловты іздестіру жұмыстарына бірден кірісті. Сонымен қатар, іздестіруге құтқарушылар мен волонтерлердің де жұмылдырылғаны белгілі болды. «Көп ұзамай жасөспірімнің денесі Үлбі өзенінен табылды.

Оның денесінен ешқандай жарақат анықталған жоқ», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өңірдің полиция департаменті соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.