ШҚО-да балабақшаның экс-директоры мен бас есепшісі 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

0 50

Шығыс Қазақстан облысындағы балабақша директоры мен есепшісі 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Ақша жымқыруға қатысты алғашқы дау 2019 жылдың қаңтарында туған болатын. Ол кезде Мамандандырылған балалар үйінің 160 қызметкері Жаңа жыл қарсаңында жалақысыз қалған еді. Сол уақытта Желіге мекеменің бас есепшісі адамдардың алдында  директормен бірге 15  миллион теңгені жымқырғанын айтып тұрғаны туралы видео тарады. Ол ақша жетім балаларға да қарастырылған болатын.

Жалақысыз қалған қызметкерлер іс қараусыз қалады деген оймен прокуратура мен БАҚ өкілдерінен көмек сұрап, қылмыстық іс қозғалды.

«Өскеменнің № 2 соты қылмыстық істі қарауға кірісті. Бюджет қаражатын жымқыру айыптары Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне — экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына қатысты тағылды. Олар 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді», — деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Шақпантаев.

Сот мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша айып тағылды. Бұл бапқа сәйкес, айыпталушылар мүлігі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.