Сауат Мыңбаевтың бауыры көз жұмды

0 308

«ҰҚК генерал-майоры Саят Мұхамбетбайұлы Мыңбаев ауыр науқастан көз жұмды…»

Бүгін Сауат Мыңбаевтың туған ағасы Саят Мыңбаевтың ауыр науқастан көз жұмды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы генерал-майоры Саят Мұхамбетбайұлы бұған дейін ҰҚК-нің әскери қарсы барлау департаментінде басшы болған.

ҰҚК басшылығы және «ҰҚК органы ардагерлері» қауымдастығы Саят Мыңбаевтың туған-туыстарына көңіл айтты.

2016 жылы Сауат Мұхамбетбайұлының тағы бір бауыры Смет Мұхамбетбайұлы қайтыс болған еді.

Ал Сауат Мыңбаевтың өзі мойын омыртқасынан ауыр жарақат алып, «Қазақстан темір жолы» ҰК басшылығынан кетуге мәжбүр болғанын бұған дейін жазғанбыз.

редакциясының ұжымы Сауат Мұхамбетбайұлына және оның туған-туыстарына көңіл айтады.

sheraga.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.