САРЫСУЛЫҚТАРДЫҢ ЕКПЕГЕ ДЕГЕН ЫҚЫЛАСЫ ЕРЕКШЕ

0 406

Сарысу тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда.

Халықтың екпеге деген ықыласы жақсы.

Жұқпалы індеттің алдын алу үшін вакцина салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Аудан тұрғындарына санитариялық-эпидемиологиялық нормаларын сақтау және короновирус инфекциясына қарсы вакцинациялау бойынша кең ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай Сарысу ауданы әкімі М.Сұлтанғалиевтың 15 шілдедегі √249 өкіміне сәйкес мониторингтік топтар құрылғандығын айта кеткеніміз жөн болар.

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде мониторингтік топ жұмысын бастап, Жаңатас қаласындағы кәсіпкерлік нысандарда Бас санитарлық дәрігердің √32 қаулысымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпкерлердің сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Жұмыс барысында 2 сауда үйі және 4 мейрамхана қамтылды.

Барлық нысан иелеріне сақтық шараларын сақтау, вакцина салдырудың маңыздылығы ескертілді.

Дәрігерлер екпенің қай түрін салдырса да тұрғындардың өз еркі дейді.

А. Сұлтан – балабақшада тәрбиеші.

Үнемі балалармен тығыз байланыста болатын азаматша тек өзінің ғана емес, шәкірттердің саулығына да жауапты екенін жақсы біледі.

Сол себепті, қоғам үшін жауапты іске алғашқылардың бірі болып барған.

Жақында екпенің екінші компанентін салдырған ол, ешқандай ауырсыну мазаламады, дейді.

 

Д.Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.