Сарысуға коронавирусқа қарсы тағы 500 доза вакцина жеткізілді

0 185

2021 жылдың наурыз айынан бастап Сарысу ауданында Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталды. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина. Гам-КОВИД-Вак, SARS-CoV-2 вирусы туындататын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған біріктірілген векторлық вакцина. Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ертінді, I- ші компонент – 0,5 мл/доза + II-ші компонент-0,5 мл/доза. Вакцинаны бірінші болып медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция қызметкерлері, студенттер созылмалы аурулары бар адамдар және арнайы топтағы азаматтар алады. Вакциналауға жатпайтын азаматтар : 1. Жүкті әйелдер. 2. Ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдар. 3. Кәмілетке толмағандар кіреді. Егу өткізетін ұйымдарда адамдардың көп жиналмауын болдырмау мақсатында, медицина қызметкерлері алдын-ала жасалған кестеге сәйкес вакцина алатын азаматтарды шақырады. Вакцина алуға шақырған кезде, вакцина 2 бөліктен тұратынын бір бөлігі салынғанан кейін, екінші бөлігі 21 күнен кейін салынатыны жәйлі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сарысу аудандық орталық ауруханасына келген коронавирус инфекциясына қарсы вакцина.Гам-КОВИД-Вак, SARS-CoV-2 вирусы туындататын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған біріктірілген векторлық вакцина. Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ертінді, I- ші компонент – 0,5 мл/доза + II-ші компонент-0,5 мл/доза. I- ші компонент – 0,5 мл/доза 200 доза алынып, 2021ж наурыз айының 05 күнінен бастап егу жүргізілді, 2021ж наурыз айының 15 күні 200 доза вакцинаны егу толық салынып аяқталды.
2021ж наурыз айының 18 күні 2-ші кезеңдік, Сарысу аудандық орталық ауруханасына Гам-КОВИД-Вак, SARS-CoV-2 вирусы туындататын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған 125 доза вакцина келді.
2021ж сәуір айының 2 күні 3-ші кезеңдік, Сарысу аудандық орталық ауруханасына Гам-КОВИД-Вак, SARS-CoV-2 вирусы туындататын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған 500 доза вакцина келді. Ауданға келген, барлық вакцина саны- 825 доза.

Leave A Reply

Your email address will not be published.