Сарысуда төрт айда түскен табыс 10 млрд теңгеден асады

0 473

Сарысу ауданы экономикалық көрсеткіштері бойынша жоғары жетістіктерге жетіп отыр. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім 10 млрд теңгеден асады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев айтты.

Сарысу ауданында бүгінде 9 ауылдық округіне қарасты 25 елді мекен мен аудан орталығы Жаңатас қаласында 44 455 адам тіркелген.

Ауданда осыдан 20 жыл бұрын Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 506,3 млн. теңге болды. Сондай-ақ тартылған инвестиция көлемі 27,0 млн. теңгені құраған еді.

«Ал биыл бар-жоғы 4 айда өнеркәсіп саласында шығарылған өнім көлемі 10,4 млрд. теңгені, ал тартылған инвестиция көлемі 6 млрд. 8 млрд. теңгені құрап отыр.» деді М.Сұлтанғалиев.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.