Сарысуда 14 елді мекенге газ кіргізіледі

0 311

Дамыған мемлекеттердің әлеуетінің жоғары екенін, халқының жақсы тұрмыс кешіп жатқанын олардың әрбір елді мекеніне тартылған жол, газ, ауызсу секілді инфрақұрылымынан-ақ аңғаруға болады. Негізінде Қазақстан әлеуметтік-эконмикалық қуаты енді қалыптасып келе жатқандықтан мемлекет. Сондықтан еліміз кез келген елді мекенге газ тартуды осыдан осыдан 5-6 жыл бұрын жаппай қолға алды. Десе де инфра құрылым жүргізу ісі қымбатқа түскендіктен бүл мәселе облысымызда толық шешімін таппай келеді. Әйтсе де әрбір аудан мүмкіндігінше ауылдық окпугтер мен ондағы әлеуметтік нысандарға көгілдір тоын кіргізуге баса мән беруде. Алдымен газ тартылуы тиіс ауылдағы халықтың нақты саны анықталып, оның ішінде газға қосылуға қиналып отырған отбасыларға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бұхараға бар жағдайды жасап бағуға тырысып отырған ауданның бірі – Сарысу ауданы. Бүгінде мұндағы 25 елді мекеннің 4-еуі газдандырылыпты. Қазіргі таңда 2-нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Атап айтқанда,

«Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы жүрып жатыр. Жобаны аяқтау үшін қажетті 4,2 миллиард теңге қаражаттың осы жылға 2,2 миллиард теңгесі жоспарлы түрде бөліні, іс қызу қолға алынған. Қалған қаржының бөліну кезеңі келер жыл мен 2023 жылдың еншісіне қалдырылған көрінеді. Сонымен қатар, аудандағы 14 елді мекенге жеткізуші және ауылішілік газ құбырларын салу құрылысы да басталғанын айта кетуіміз керек.Аталған жобалар іске асқанда, Сарысу ауданының 14 елді мекендегі 40 мыңға жуық адам, Жаңатас қаласындағы 23 мың адам табиғи газбен қамтылады. Ауданның газбен қамтылу деңгейі осылайша деңгейі 97 пайызды құрамақ. Қазір аудан тарапынан қаржы қарастыру арқылы Шағалалы ауылын газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы сараптамадан өтіп жатыр екен. Қазір ауылға газ кіргізіледі деген жаңалықтан хабары бар аталған 14 елді мекен тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Өйткені табиғат берген байлықтың қызығы мен рәтін көретін күн алыс емес екенін жұртшылық та іштей сезінуде.

Айтқандай аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де сарысу ауданының басты назарында тұрған іс. Бүгінде аудандағы 25 елдімекеннің 18-і, яғни ауданның 75 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылған екен. қалғаны біртіндеп шешімін табатын көрінеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.