Сарысу ауданы бойынша вакцинациалау жұмыстары туралы ақпарат

0 261

Жалпы аудан бойынша халық саны (статистикалық мәліметке сәйкес)
44 459 адамды құрайды.

Орталық аурухананың дерекқорына (РПН) 39 499 адам тіркелген.

Дерекқорға (РПН) сәйкес тіркелген азаматтар:
Ересектер-23841
Балалар-15658

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасын жоспарға сәйкес салдыртатындары, ересектер-23841 азамат, 80% — 19168 азамат.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жоспарына сәйкес, Сарысу ауданы бойынша күнделікті 170 азаматы вакцинациалау жоспарланып отыр.

Осы жоспарды күнделікті орындаған жағдайда 2021 жылдың қыркүйек айына дейін, жоспарланған ересектердің 80% орындау көзделген.

Вакцинацилауға жатпайтын тұлғалар:
Кәмілетке толмағандар-15658
Жүкті әйелдер-567
Аллергенді диагнозы бар-30
Бала күтімімен отырғандар – 787
Онкологиялық диагнозы бар-27
Гармональді препарат алатындар-95

Барлығы 20 361 адам вакцина алуға жатпайды. Жалпы ауданда вакцинаның 6 егу пункттері орналасқан.

Жыл басынан ауданға келген вакцина 1-ші компонент – 10525 доза, 2-ші компонент – 8425 доза.

Бүгінде, 8811 доза аудан тұрғыны вакциналардың 1-ші компонентін салдырды. 2-ші компонент 4243 доза.

Leave A Reply

Your email address will not be published.