Санитарлық талапты бұзғандарға 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

0 211

Санитарлық талапты бұзғандарға 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды
Т.Рысқұлов ауданында коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығында мобильді топтармен жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша барлығы 1 893 935 теңгені құрайтын 30 айыппұл салынған.

Арнайы құрылған мобильді топ рейдтер жүргізу барысында бекітілген талаптарды орындамағандар көптеп кездесті. Мәселен, қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптардың орындалуы бойынша түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, өзіңізді және жанұяңызды коронавирусты инфекциядан қорғаңыз. Жақыныңызға жанашыр болыңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.