«Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті

0 172

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында рухани адамгершілік жəне азаматтық-патриоттық тəрбиемен өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Аталаған іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Жамалов, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатының төрағасы, облыстық маслихаттың депутаты У.Болатбек, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жувандикова, сонымен қатар облыстың колледж студенттері қатысты.

Слетте алдын-ала ұйымдастырылған «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» атты сурет, «Адалдық – асыл мұрат» атты эссе жазу және «Адал, сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сахналық қойылым байқауларының үздіктері марапатталды.

Слет колледж жастарының флешмобымен ашылып, одан әрі ғимарат фойесінде орналасқан «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» тақырыбындағы сурет байқауының жеңімпаздарының туындыларының таныстырылымы өтті. Одан соң, Абай атындағы жамбыл жоғары гуманитарлық колледжінің белсенді студенттерінің «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында театрландырылған қойылымы, бейнеролик көрсетілімі, «Саналы ұрпақ» клубының белсендісі Қуанышбекұлы Әкімжанның жастарға үндеуі және «Политех жастары» тобының патриоттық әндерімен қорытындыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.