Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

0 23

Мойынқұм аудандық сайлауалды штабының мүшелері С.Ни, Б.Сатыбалдиев, С.Әбілов, А,Қалыбаева, Б.Жүнісбеков, Н.Убайдаштар Мойынқұм ауылында орналасқан «Айтбек» сауда орталығында болып, сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы уақытта атқарылар етжеңді жұмыстарды таныстырды.
— Партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта түзу басты назарға алынған. Осы бағытта келесі жоспарларымыз бар. Мәселен, қолайлы аймақ түзу үшін ондағы қауіпсіздікті де қамтамасыз етуіміз керек. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қолайлы орта түземіз. Ауыл мен қала, аудан орталықтарын байланыстыратын жолдардың сапасы да жақсарады. Әрине, ауыл тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын үміткерлер өз алдына негізгі бағыт етіп отыр. Сондықтан алдағы саяси науқанда әрбір қазақстандықты белсенді болуға және нақ істер партиясы — «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз. Біз қандай қиындық болмасын бірге еңсереміз, -деді, штаб мүшелері.
Мұнан өзге «Nur Otan» партиясы атқарған жемісті шаруаларды баяндап қана қойған жоқ, ауыл тұрғындарының алдағы сайлауға белсенді қатысатындарына сенім білдірді.

 

«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық сайлау қорынан төленді 

Leave A Reply

Your email address will not be published.