Сайлауалды бағдарлама білім саласын дамытуды мақсат етеді

0 385

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Жамбыл облыстық және Тараз қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Жанар Орынбаева, Гүлшат Медетбекова, Айдын Сейтбенбетов және партияның сенімді өкілі Ербол Ізбасаров «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен онлайн форматта партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
— Эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаңа оқу жылында 442 мектептің 235-і қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша білім алатын болса, 207 мектеп дәстүрлі түрде білім берді. 235 мектептің 206,9 мың оқушысы отандық білім беру платформаларының көмегімен қашықтықтан оқып жатыр .
Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады. Білім беруде басты назар білім беру сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға аударылатын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы
1 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер үшін мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейтуге, 4 жаңа мектептің, үш ауысымды 9 мектептің, 2 мектептің қосымша құрылысына және 77 мектепке күрделі жөндеуге, сондай-ақ №15 орта мектептің асханасын кеңейтуге, қосымша білім беру ұйымдар желісін кеңейтуге қашықтықтан оқыту нысаны сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын компьютерлік техникамен толық қамту, ауылдық орта мектептерді 297 химия, биология, физика жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықтау, жаңа талаптарды есепке ала отырып, педагогтарды даярлауға, қосымша білім берумен айналысатын оқушылар санын 37 пайыздан 39 пайызға арттыруға, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектерді жұмысқа орналастыруға , ата-аналармен бірлесіп суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдерді диагностикалауды және түзету жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде ҰБТ-де 100 балл және одан жоғары жинағандар үлесі 20 пайызға дейін ұлғаяды, — деді үміткерлер.
Өз кезегінде сөз алған «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының мүшелері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.