«Рамазаннан кейін үйленемін» – қырғыз-тәжік шекарасында оққа ұшқан сарбаздың соңғы хаты

0 368
Тәжістандық сарбаз – 29 сәуір күні қырғыз-тәжік шекарасында опат болған 16 адамның бірі. 26 жастағы Мұхаммадулло Тәжікстанның Муминабад ауданында туған. Ол Тәжікстан Қарулы күштерінде қызмет атқарған.

Мұхаммадуллоның досы әлеуметтік желіде марқұм сарбаздың Рамазан айы аяқталған соң үйленемін деген жоспары болғаны туралы жазба жариялады.

«Қысқа ғана ғұмырында досым арманда кетті. Оның Рамазан айынан кейін үйленемін деген мақсаты бар еді. Тіпті, ол бала күнгі арманына да қол жеткізе алмай қыршыннан қиылды», – деп жазды досы.

Айта кетейік, тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 2 мамыр күнгі ресми мәлімет бойынша 20-ға жуық адам қайтыс болды. 160-тан астам адам жараланды.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстың хронологиясы.

Бұған дейін қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы жазған болатынбыз.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс: Бішкекте митинг өтіп жатыр

Leave A Reply

Your email address will not be published.