Райымбек даңғылы жабылады

0 170

Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Райымбек даңғылы бойындағы (Рысқұлов даңғылының бойы – Емцов көшесінен Тілендиев көшесіне дейін) жол жұмыстарына байланысты 4 маусым түнгі сағат 23:00-ден 5 маусым сағат 06:00-ге дейінгі аралықта жол ішінара жабық болады»,- деп мәлім етті Алматы қалалық Мобильділік басқармасы.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.