Қытайда жойқын құйыннан бір адам қаза тапты

0 209
Қытайда Хэйлунцзян провинциясының солтүстік-шығысында орналасқан Шанчжи қаласында құйын салдарынан бір адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, — деп хабарлайды Xinhua.

Қалалық билік мәліметі бойынша, Шанчжи қаласындағы құйын жергілікті уақыт бойынша 17:30-да басталып шамамен 30 минутқа созылған. Төтенше жағдай салдарынан төрт жергілікті ауыл зардап шеккен. Қатты желге қоса бұршақ та жауған.

240-тан аса ауыл тұрғындары эвакуацияланды, ал экономикалық шығын 5,12 миллион юаньға (шамамен 795 400 АҚШ доллары) бағаланады. Дәрігерлер зардап шеккендердің бірінің жағдайын ауыр деп бағалаған, ал қалғандары жеңіл жарақат алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.