Қытайда құс тұмауы алғаш рет адамға жұқты: ДДСҰ дабық қақты

0 215

Қытайда Аш Он Эн Үш ((H10N3)) құс тұмауының адамға жұғуының әлемдегі алғашқы оқиғасы тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Қытайда әлемде адамның осы вирусты жұқтырған алғашқы жағдайының анықталуына байланысты H10N3 құс тұмауына Қытаймен туризм мен саудаға шектеулер қоюға шақырды.

Бұл дерек елдің шығысындағы Цзянсу өңірінде болған.

Мамандардың пікірінше, осы дерт құстан адамға кездейсоқ жұққан және оның жаппай тарап кету қауіпі төмен. Сәуір айының аяғында осы дертке шалдыққан ер адам  ауруханаға жатқызлығаны белгілі.

Аш Он Эн Үш  – бұл А тұмауының бір түрі. Жануарлар арасында ауа-тамшы арқылы тарайтын осы дерт әдетте жабайы және үй құстарының қырылуына әкеледі. Кейде құс тұмауымен адамдар да ауыратыны белгілі, алайда осы түрі алғаш рет адамға жұққан.

Қазір Цзянсу өңірінде эпидемияға қарсы шаралар қабылданып, науқаспен қатынасқан барлық адамдар дәрігерлік бақылауға алынды.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.