Қуанса, бала қуансын!

0 95

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. Ауыл-аймақ, қалаларда осы күнге арналған түрлі концерттер ұйымдастырылып, тіпті кейбір компаниялар немесе орталықтар аталған күні балаларға арнап арнайы сый дайындайды.

Партияның облыстық филиалының ұйымдастыруымен Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Шараға партия облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхаммед Жұмабек қатысып, орталық тәрбиеленушілерін айтулы күнмен құттықтады. Сондай-ақ, ол болашақтың бағдары өздерінің қолдарында екенін баса айтып, мемлекет пен партия тарапынан үздіксіз қолдау жасалатынын жеткізді.

– Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміздің ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мерекесі. Балалар – біздің болашағымыз, ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы.

Кез-келген ата-ана баласының жақсы азамат болып өссе екен деп тілейді. Мемлекетіміз де балалардың болашағына аса мән беріп, қажетті шараларды атқаруда.

Айта кетейік, «Бақытты отбасы» көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және ерекше қажеттілігі бар жандарға  жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған, – деді Ермұхаммед Нұрмұхаммедұлы.

 Шара барысында балаларға арналған анимациялық ойындар ойнатылып, ертегілер қойылымы өткізілді.   Сондай-ақ, балмұздақ өндірісіндегі еліміздегі ең іргелі «Шин-Лайн» компаниясы атынан орталықтағы балаларға тегін балмұздақ таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.