Қостанайда тұрғын үйден шыққан өрттен әйел адам қаза тапты

0 44

Таңертең жұмысқа кетіп бара жатқан жүргіншілердің бірі Қобыланды батыр даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен шығып жатқан қою түтінді байқап, өрт сөндіру қызметіне хабарласқан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде тұрғын үйдің төртінші қабатындағы бір бөлмелі пәтер түгелдей қызыл жалынға оранып үлгерген.

 

 «Өрт туралы хабар 22 сәуір күні таңғы сағат 06:43-те кезекші пультіне түсті. 2 өрт сөндіру техникасы мен 11 қызметкер оқиға орнына санаулы минуттардан соң жетті. Пәтердегі жиһаздар мен үй бұйымдарының бәрі жанып үлгерген. Өрт сөндіру барысында пәтер ішінен 1969 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды. Марқұмның өртенген пәтердің иесі екені анықталды. Өрт сағат 07:01-де толық сөндірілді. Қайғылы оқиғаның себебі тұтанған темекі тұқылынан болуы  мүмкін деген болжам бар», деп мәлімдеді  облыстық ТЖҚ-нің баспасөз орталығы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.