Қордаланған мәселе қабылдауда шешіледі

0 71

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында замануи талаптарға жауап беретін дамудың басты бағыттарын белгілеп бергені белгілі.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс.

Бұның барлығы ел ертеңі үшін жасалған игі қадамдар екені анық.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдаудағы әрбір сөзі, Сарысу ауданында да жүйелі жалғасын табуда.

Осыған орай бүгін Сарысу адалдық алаңында тұрғындармен жеке қабылдау өткіздім.

Барлық сақтық шараларын ұстана отырып өткен қабылдауға 20-дан аса жеке тұрғын келді.

Олардың жетеуі тұрғын үй кезегі туралы, үшеуі жер мәселесі, екеуі әлеуметтік көмек сұрады.

Ал, 6 шағынаудан 15 үйдің тұрғындары кондоминиум бойынша айтып, үйдің жөнделуін сұрады.

Оларға Заң аясында түсіндірдім.

Қалған тұрғындар жұмыс сұрап келді.

Оларға тиісті бөлім басшысы бүгінгі таңда бар бос орындарды атап өтті.

Жалпы қабылдауға келген әр азаматтың ұсыныс-пікірлерін тыңдадым.

Осы қабылдау барысында жұмыс сұрап келген төрт азаматшаның және бір қайтарымсыз несие сұраған көпбалалы ананың өтініштері Заң талаптарына сай оң шешімін тапты.

Бақытжан Жақсылықов,

Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.