Қажымұқан – қазақтың хас батыры

0 102

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына орай палуан музейіне сапар жасадық.
Өзім қызмет ететін аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Ғани Бірлікұлы аудан жастарына алып күш иесін жақынырақ таныстыру үшін мені Түркістан облысынан тікелей эфир жүргізуді тапсырған болатын. Үстіміздегі жылғы 2 сәуірі күні Шу-Шымкент бағытындағы жүйрік поездіне мініп, чемпион атамыздың ауылын бетке алдым. 6 сағатты артқа тастап, Шымкент теміржол вокзалынан түстім. Шымқаланың таңғы таза ауасымен тыныстап, мегаполистің Жастар орталығында жұмыс істейтін досым Бижан Сәдібековке хабарласып, кездесетін жерді белгіледік. Белгіленген уақытта жайдары жүзді досыммен кездесіп, Отырар ауданы, Темірлан ауылына қарай тарттық. Аталған ауыл Шымкент қаласынан 40 шақырымдай жырақта жатыр екен. Тақтайдай тегіс жолмен межеле-ген жерге тез жеткенімізді аңғармай қалыппыз. Орталық маңында орналасқан «Қажымұқан» атындағы облыстық спорт музейі алы-стан менмұндалап, бізді күтіп алды. Есігінен имене ат-тап, музей басшылығымен жолығып, жөнімізді айттық. Еш бөгелместен жанымыз-дан білікті музей танысты-рушысы, балуан атамыздың шөбересі Ескермес Меруерт Асылханқызы табылып, біз өтініш еткен тікелей эфир-де музей ішіндегі құнды жәдігерлермен таныстыра ба-стады. Аядай бөлмедегі аясы кең әлемге сүңгіп кеттік. Алғашқы көрген дүниеміз — Қажымұқан атамыздың жастық шағынан хабар беретін суретші Сергей Потехиннің 1977 жылы майлы боя-мен қанар қап бетіне салған «Мұханның алғашқы ерлігі» картинасы. Картинада салмағы 180-200 келі тартатын үлкен қазанды көтеріп, оны үлкен шанаға салып тұрған 13 жасар бала Мұқан бейнеленген. Сонымен қатар балуанның бейнесі бар бірнеше картинаны да осы музей ішінен көруге болады. Одан кейінгі спорттық мансабындағы суреттер легі мен таққан медальдарын көрдік. Бізді таң қалдырғаны, жасы жетпістен асқан шағында атамыз жеңісті жақындату үшін қазақ ауылдарын аралап, цирк өнерінің тамаша тұстарын көрсетіп, қаржы жинаған. Бұл — 1940 жылы болған оқиға. Біз көрген суретте кеудесі үлкен тасты жарғызып, арбаға 15 жігітті са-лып, иығына 1 жігітті мінгізіп, тісімен арба сүйреген, жуан темірлерді жіптей бұрап, үстіне көлемді тақтай қойдырып, сонымен ауыр арба мен жүк тиелген көліктерді өткізгенін цирк әлемінде «өлім көпірі» деп атаған екен. Қарт шағында да қайратын жиған атамыз осындай тәуекелдерге барған. Соғыс уақытында көңілі құлазыған халықты бір көтеріп, осындай көптің қолынан келе бермейтін тәуекелге бел байлап жүріп, 100 мың рубль жинаған. Ақша қорғаныс қорына аударылып, сол сомаға 1 ұшақ алынған екен. Қажымұқан атамыздың тілегі бойынша ұшқышы қазақ болсын, бір бүйіріне Амангелді Имановтың аты жазылсын деген тілегін Сталин қабылдап, сан ұшқыштың ішінде семейлік Қажытай Шалабаевқа ұшақ та-бысталып, ұшқыш онымен Прибалтика және Ленинград аспанында жауға қарсы оқ боратады. «Ең қызығы сол, ұшақ майдан-нан аман-есен оралып, Мәскеуде өткен парадқа қатысқан деген дерек бар»-дейді,-музей маманы Меруерт Асылханқызы. Аудандық жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі @shuzhastar инстаграм парақшасында өткен онлайн экскурсия 40 минутқа со-зылды. Көрермендер өз әсерлерімен бөлісіп, белсенділік танытып жатты. Қажымұқан атамыз туралы деректерге қызығушылар болса, аталған парақшада сақтаулы видеоны көре алады. Әлемнің алты құрлығын аралап, жүлдесіз қайтпаған, өнерге бейім, жүрегі жомарт Қажымұқан атамыз 1948 жылы дүние салып, тәні өзінің тапсыруы бой-ынша Темірлан ауылына жерленеді. Атамыздың 4 әйелінен тараған ұрпақтары Ресейдегі Омбы және өзіміздің Түркістан, Қызылорда облыстарында, Шымкент қаласында тұрады. Қажымұқанның Халиолла, Ғабдолла, Айдархан мен Жанаділ атты ұлдары мен София, Азия мен Рашида есімді қыздары болған. Біз музейде балуанның немересі Пери-зат Айдарханқызымен кездесіп, қолын алдық. Батырдың кіндігінен тараған белгілі немерелері карате-додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2002 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Шаттық Қажымұқанов пен белгілі композитор, «Жас Қанат» пен «Азия Дауысының» жүлдегері Бақытжан Қажымұқанов.Ойға алған істеріміз орындалған соң музеймен қимай қоштасып, Шымкент қаласына жүріп кеттік.Алаштың мақтанышы, бар қазақтың балуан ұлдарының бірі — Қажымұқан Мұңайтпасұлы алып күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы ретінде мәңгі жадымызда сақталуы тиіс. Сонымен бірге күрес өнеріне қызыққан жастардың үлгі алатын дарабозы болуы керек.

Байжан ЕМБЕРДІ,

аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ақпараттық талдау бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.