Қазақстанның солтүстігіндегі ауылдардың бірінде алапат өрт болды

0 248
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде өрт болды. Куәгерлер оқиға орнынан видеоны бөлісті,

Куәгерлердің сөзінше, Қызылжар ауданы Желяков ауылындағы көшеден өрт шыққан.

«Адамдар қолдан келгенше қашып құтылған. Жануарларды өрттен құтқару мүмкін болмады. Адамдар үйсіз, құжатсыз қалды», — дейді видео авторы.

СҚО ТЖД өкілдерінің сөзінше, өрт 2 мамырда болған. Салдарынан үш тұрғын үй, иесіз ғимарат пен құрылыс нысаны өртеніп кеткен. Жалпы 950 шаршы метр өртенген.  

Желяково ауылында барлығы 51 үй бар, жалпы 130 адам тұрады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.