Қазақстанның қорғаныс министрі коронавирусқа қарсы екпе алды

0 206
Қорғаныс министрі және оның орынбасарлары, бас қолбасшылар коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Бұл туралы бас әскери медицина бастығының орынбасары, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев мәлім етті

«Қорғаныс министрлігінде екпе салдырғандардың ең алғашқылары — Қорғаныс министрінің өзі, оның орынбасарлары, бас қолбасшылары», — деді ол арнайы брифингте.

Сонымен қатар Әлібек Манабаев әлеуметтік желілерде тараған «әскери қызметшілерді екпе салуға мәжбүрлейді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Өйткені әрбір әскери ортада әскери қызметші өзінің басшылары, командирлеріне еліктеу арқылы вакцинация алуға талпынады. Мысалға бөлім командирі, медицина қызметкерлері өткеннен кейін олар да екпе алып, қатардан қалмауға тырысады», — деді әскери дәрігер.

Оның айтуынша, тек медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар ғана екпе алмаған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.