Қазақстандық қыз Грузияда жұмбақ жағдайда өлі табылды

0 301

Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның ІІМ өкілдері растады, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс боларының алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адам оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі.

Әпкесінің айтуынша, Әсел Айтбаеваны туысы сәуірде жұмыс істеуге Грузияға шақырған екен.

Марқұм осыдан бірнеше күннен бері байланысқа шықпаған. Әселден соңғы хабарлама 5 мамырда кешкі уақытта келген.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.