Қазақстандық балалар 1 қыркүйекте мектепке бара ма? Білім министрі жауап берді

0 28
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте балалардың мектепке баруы туралы сұраққа жауап берді,

«Бұл өте өзекті сауал. Мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакцинациялай алсақ, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, онда келесі оқу жылында, қыркүйекте білім беру ұйымдарымыз, ең алдымен әрине мектептер ашылады», — деп жауап берді Аймағамбетов.

Министр балалар мектепті, достарын, мұғалімдерін қатты сағынғанын атап өтті.

«Мұғалімдер де дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді. Бірақ бәрі өзімізге, қоғамға байланысты. Мен вакцинация қарқыны келесі жылы мектептердің ашылып, дәстүрлі форматқа оралуымызға әсер етеді деп үміттенемін», — деп түйіндеді БҒМ басшысы.

Бұған дейін Аймағамбетов білімді түлектердің арасындағы жаңа тренд туралы айтты.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.