»Қазақстандағы ерекше сарқырама». Тамшалы шатқалы туристерді несімен қызықтырады?

0 209

Маңғыстау облысында таңғажайып бір жер бар, Тамшалы шатқалы деп аталатын осы жерде сіз әдемі суретке түсіп, оның табиғатынан қуат аласыз. Оазистің несімен қызықтыратыны жайлы Tengritravel.kz порталы толығырақ баяндайды.

Тамшалы шатқалы Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан, ал Ақтаудан — көлікпен бір сағаттық жерде. Ұзындығы 12 шақырым болатын бұл шатқал Каспий теңізінен басталып, сары шөлдің ортасындағы жасыл оазиспен аяқталады. Мұнда ерекше Тамшалы сарқырамасы орналасқан.

Бұл табиғи кешен әр түрлі атауға ие: каньон, шатқал, аңғар. Тамшалы атауы «тамшылар» дегенді білдіреді. Бұл осы жердің барлық сұлулығын көрсетеді. Шынында да, төбеден үңгірге мөлдір таза судың тамшылары жауып тұрады. Тастар таусылған жерде су көктемгі суға толы «тостағанға» түседі.

Жиһанкез блогер Яков Федоров осы жерге барғаннан кейін жазғаны: «микроклиматы мен орны теңіз жағасындағы басқа ландшафттардан ерекшеленеді».

«Тамшалының өз микроклиматы бар. Су өсімдіктердің тамыры арқылы кішкентай көлге тамшылармен ағып жатыр. Тіпті аптап ыстықта да мұнда ауа райы салқын болады. Айтуларынша, қақаған аязда бұл жер өте әдемі болады екен — бұл ағындардың бәрі мұз болып қататын көрінеді.

Әдемі жер. Тек Тамшалыға баратын туристердің көпшілігі қоқыстарын қалдырып кететіні өкінішті», — деп жазады ол.

Алматы тұрғыны Анар Адамбекова Тамшалыға жоспардан тыс келгенін айтты. Жергілікті тұрғын көлікпен жүрген саяхатшыларды көріп, бар ісін тастап, оларға осы бір ерекше орынды көрсетуге ниет білдірген.

«Мен қазақтардың қонақжай әрі мейірімді халық екендігіне таңқалдым. Біз өте ерекше ландшафттарды айналып өтіп, Каспий теңізіне жеттік: бос қалған браконьерлер ауылы, алып баржалар.


Бос қалған браконьерлер ауылы Фото Анар Адамбекова

Жалпы, шамамен бір сағат бойы біз жағалау бойымен жүрдік, сосын шатқалға қарай бет бұрдық. Тұрғындардың айтуынша, бұл тауларда муфлон (жабайы қой) мекендейтінін айтты, бірақ ол біз оларды кездестірмедік.


Каспий теңізінің жағалауы. Фото Анар Адамбекова 

Содан кейін біз бір қарағанда «өлі» шатқал мен сары тау жолдарымен тағы біраз жүрдік. Кенеттен біздің алдымызда жасыл оазис ашылды, онда ағаштар өсіп, кішкентай тоған болды. Тағы 50 метрден өткеннен кейін біз сарқырамаға жеттік», — дейді ол.

«Бұл біз көріп үйренген сарқырама емес еді. Мұнда жартастардан су ағып жатыр. Ал үстінде — таспен қаланған төбе секілді. Біз ол жерде бір сағаттай болдық, суретке түсіп, жартасқа өрмеледік. Сезімдерді сипаттау мүмкін емес», — дейді Анар Адамбекова.


Водопад Тамшалы. Фото Анар Адамбекова

Кейбір туристер бұл жерге келгенде әрдайым сарқырамадан су алады — олардың айтуынша, ол ішуге жарамды. Ал Маңғыстау облысының тұрғыны Ольга Михайлованың айтуынша, осы жерлерде өсетін өсімдіктердің арқасында судың иісі мен дәмі өте жағымды.

«Мұнда жалбыз (мята) өседі, су осы хош иіспен қаныққан, сондықтан ол салқын әрі дәмді!» — дейді Ольга Михайлова.

Мұнда суретті қай ракурстан түсірсеізде әдемі шығады.

 

Қыстағы Тамшалы — бұл одан да әсерлі көрініс: төменге қарай ағып жатқан тамшылар мұз болып қатып, түрлі мүсіндерге айналады. Оның ұзын мұздары төмен қарай созылған.

Тоған мұз болып қатып, аяқ астындағы көрініс ғарышқа ұқсайды. Мұндай суреттер үшін қыста Тамшалыға баруға болады.

Қалай баруға болады

Тамшалы шатқалына Ақтау — Форт-Шевченко тасжолымен жетуге болады. Шамамен 82 шақырымды өткен соң, жағалауға қарай бұрылу керек. Дала арқылы өтетін жол жаман емес, тіпті жеңіл көлік те жүре алады.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың «бізден кейін» қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

kaz.tengritravel.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.