Қазақстанда қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді

0 206
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 1-3 маусымына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ел аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі.

“Ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райын
тудырады, найзағай күтіледі. 2 маусымда күндіз батыста, 3 маусымда
республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшеюі
мүмкін. Тек республиканың солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс
антициклоны сілемінің әсерінен түнде 11…16, кей жерлерде 8, күндіз 21…26,
кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанады”, – дейді синоптиктер.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.