Қазақстанда несие мерзімін өткізіп алғандар енді қайтадан қарыз ала алатын болды

0 222

Банк қарыздарының мерзімін өткізіп төлеген қазақстандықтар қайтадан несие ала алатын болды. Қазір елімізде 1,4 миллион адам «жаңартылды» деген мәртебеге ие болды.

 

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымовамен кездесуінің қорытындысында белгілі болды.

Қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін 25 мамырда мемлекет басшысы банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін міндетті азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібін енгізуді көздейтін заңға қол қойды.

“Президенттің тапсырмасы бойынша тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемелерін саралау жүргізілді және кепілдік, ипотекалық несиелер бойынша шекті мәндер төмендетілді. Несие тарихы нашар қарызгерлер үшін несиеге алуды қалыпқа келтіру үшін мерзімін өткізіп алған қарыз алушыларды оңалту  механизмі қолға алынады. Бүгінгі таңда 1,4 миллион адам «жаңартылды» деген мәртебеге ие болды”, – деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар Тоқаев банктердің стресті активтердің деңгейін төмендету жөніндегі қадағалау жоспарларын орындауын бақылау мақсатында Агенттік қабылдап жатқан шаралар туралы айтып өтті. Нәтижесінде өткен жарты жылда стресті активтердің көлемі 15,5%-ға (497 млрд теңге) 2,3 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, қазіргі экономикалық жағдайда банктік кредиттеу тұрақты сипатқа ие болды. Экономиканы кредиттеу жыл басынан бері 3,3% -ға ұлғайды және 15,1 триллион теңгені құрады.

Мәдина Әбілқасымова шағын несие беруді қаталдандыру шаралары жайлы айтып өтті. Биометрияны міндетті тексерумен немесе екі факторлы аутентификация клиенттерді қашықтан сәйкестендіру тетігінің күшейтілгені хабарланды. Енді клиенттерге тексерусіз шағын несие беруге тыйым салынады.

Ол, сондай-ақ микроқаржылық қызметті лицензиялаудың аяқталғаны туралы баяндады. Жыл басынан бері 1012 кредиттік ұйым лицензия алды.

Мемлекет басшысы Агенттіктің алдына қаржылық тұрақтылықты қолдау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және экономикалық өсуді қалпына келтіруде қаржы нарығының рөлін арттыру жөнінде бірқатар міндеттер қойды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.