Қазақстанда балалар үйіндегілерге мәжбүрлі түрде вакцина салынып жатыр: Министрлік түсіндірді

0 1 058

Желіде балалар үйінде тұратын балаларды COVID-19-ға қарсы мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізіледі деген ақпарат тарады

Бейнеролик авторының айтуынша, жетім балаларға эксперимент жасау және оларды вакциналарды сынауға қатысуға мәжбүрлеуде. Алайда, ақпарат жалған болып шықты. Қазақстанда мұндай тәжірибелер жүргізілмейді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау туралы ақпаратты ҚР денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынбайды. Балалар үйіндегі балаларға да, отбасы бар балаларға да мүлдем вакцина салынып жатқан жоқ. Бұл фейк», — деп хабарлады министрлік.

stan.kz


Leave A Reply

Your email address will not be published.