Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

0 24

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда.

«2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары басталды», – делінген Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

2005 жылғы18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған «Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі» бойынша қос мемлекет арасында шекара белдеуі орнатылып жатыр. Алайда демаркациялық жұмыстар әлі аяқталмаған. Шекара аумағында жаңа қоршаулар тұрғызу жұмыстарын «2016» әскери бөлімі жүргізуде.

«14 сәуірде шекарашылар құрылыс жұмыстарына кірісті. Қоршау орнатпас бұрын әкімдік,  шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдері Көптоғай ауылының тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді», -деді Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.