Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады

0 474

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны 18 млн 917 мыңнан асқанын мәлім етті

«2021 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 18 917,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 11 187,2 мың (59,1%), ауылдықтар –7 730,0 мың адам (40,9%). 2020 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті», делінген бюро ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда (42,0 мың адам) 0,2 пайызға артып, 42,1 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда – 13,71 адам.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2021 жылғы қаңтар-ақпанда туғандар саны 65,7 мың адамды құрады. Бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпанға (64,7 мың адам) қарағанда 1,6 пайызға көп.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,41 туғанға тең. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны — 23,7 мың адам. Бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпанға (22,7 мың адам) қарағанда 4,2 пайызға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,70 қайтыс болғанды құрайды. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда республикада 1 жасқа толмаған 517 нәресте шетінеген. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда сәби өлімі (583 шетінеген) 11,3 пайызға азайды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.