Қазандағы атыс: Желіде мектеп ішінен видео пайда болды

0 443

Желіде Қазандағы атыс болған мектеп ішінен видео пайда болды

Алдын ала мәліметтер бойынша, атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Олардың кем дегенде біреуі — мұғалім. Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, зардап шеккен балалар саны 13-ке дейін өсті. Олардың төртеуі реанимацияда, бәрі қарудан жараланған.

Қазанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.

Риа Новости мәліметінше, Татарстан басшысы мектепте оқ атқан адам туралы алғашқы ресми ақпарат берді: жігіт 19 жаста, оның атына ресми түрде қару тіркелген.

Telegram-дағы URD_news арнасында жариялаған кадрларда мектеп дәліздерінің бірі көрсетілген. Онда кабинеттердің есіктері мен терезелері сынғанын көруге болады.

Еске салайық, Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды. БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды.

«Терезеден секіріп жатыр». Қазанда мектепке шабуыл жасалған сәттің видеосы жарияланды

Baza Telegram-арнасы куәгерлер түсірген суреттер мен видеоны жариялады. Онда балалар үшінші қабаттағы терезеден секіріп жатқанын көруге болады. Видеодан атыс дыбыстары да естіледі.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.