Нұр-Сұлтанда қызға шабуыл жасаған қарақшыны көршілері тоқтатты

0 444

Нұр-Сұлтанда қарақшының қызға шабуыл жасаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Қаскүнем жәбірленушіні жерге құлатып, телефонын тартып алуға тырысқан

Ведомство мәліметі бойынша, оқиға түнгі сағат 02.00-де тұрғын үй аулаларының бірінде болған. Жұмыстан оралған қыз таксиден түсіп, үйінің кіреберісіне қарай бара жатқан. Сол сәтте қыздың ізіне ер адам ілескен. Ол қыздың қолынан ұстап, жерге құлап, iPhone X телефонын тартып алуға тырысқан.

Қыздың айғайлаған дауысын көршілері естіп, көмекке келген. Тәртіп сақшылары шабуыл жасаған ер адамды анықтап, ұстады.

«Ол 24 жастағы ер адам екені анықталды. Ұсталған тұрғын осындай қылмыстары үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Дерекке қатысты «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ведомство өкілі.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.