Қаржауов қоғамдық ұйым өкілдері мен этномәдени орталық жетешілерімен кездесті

0 23

Бүгін аудан әкімі О. Қаржауов қоғамдық ұйым өкілдері мен этномәдени орталық жетешілерімен жүздесті. Аудан әкімі ашық форматта өткен кездесуде ешқандай баяндамаға кезек бермей нақты мәселелерді тыңдауға көшті.

Алғашқы болып сөз алған «Ақментей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Дүрәлі батыр туып өскен Момыш бұлағын ары қарай абаттандырып,туристер іздеп баратын орынға айналдыру жайын қозғады. Ал Қоғамдық кеңес төрағасы С. Жұмашев ауылдардағы қоғамдастық мүшелерінің сапалық құрамына көңіл аударуға шақырды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Аманбеков қоғамдық көлік, үй жануарларын аулау, стихиялық қоқыс мәселелерін көтерсе, «Тұлға» психологиялық кеңес беру орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы З. Дәуренова ауданда кризистік орталық ашу туралы ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, «Жуалы демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінен Ж. Саурыкова, «Отандастар» қорынан Ш. Ысқақов, Әзірбайжан этномәдени орталығы төрайымы Э. Мамедова өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Е. Тілеубеков өкілді орган тарапын да ұйымдарға қолдау білдірілетінін айтты. Барлық айтылған ұсыныстар ауданның өсіп-өркендеуі жолындағы жұмыстар болды. Аудан әкімі Олжас Есалханұлы: «Сіздер ұсыныспен ғана шектелмей, нақты шешу жолын сілтесеңіздер біз оны орындауға әркез дайынбыз. Менің есігім сіздерге ашық. Кез-келген уақытта келіңіздер. Мәселені бірге шешейік.»-деп қорытындылады өз сөзін. Қоғамдық ұйым жетекшілері қолдау білдіріп, әр бастамаға белсенді араласатындарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.