Қариясын сыйлаған елде қасиет бар

0 380

«Қарттарым – қазынам» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтеледі.

Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету мемлекет тарапынан ғана емес – қоғамның барлық өкілдерінің, әсіресе жас буынның басты парызы екенін де ұмытпаған жөн.

Осы қоғамның іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас буынға үлгілі, өнегелі тәрбие беретін, елжандылыққа баулу сияқты моральдық нормалардың бастауында қазыналы қарттарымыздың тұрғанын әрқашан есте ұстауымыз қажет.

Сонымен қатар еліміздің жас азаматын отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда да ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары үлгі.
Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық.

Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге. Аузы дуалы, аталы сөз айтатын баталы қарияларды, өз қадірін білетін, көреген, адал, ақ жаулықты әжені ерекше қадір тұтқан елміз.

Қарттықты қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең озығы, өскелең ұрпақпен жалғасқан рухани қазынасы екендігі бүгін айтылған сөз емес,
ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұра.

Осы орайда біздің Сарысу ауданында жастар ресурстық орталығы белсенді жұмыстар атқаруда.

Кешелің бері үздіксіз жауған қалың қардың біраз әбігерге салғаны рас.

Жолдар жабылып, аудан тарапынан жолда қалған көліктер мен адамдарға көмектер көрсетілді.

Осындай қиын-қыстау сәтте қандай болмасын шын ниетпен жасаған жақсылықтың үлкен кішісі болмасы анық.

Осы орайда біздің Сарысулық жастар да белсене атсалысып, кешелі бері, көшені, жолды тазалауға барынша кірісіп кеттік.

Мақсат қолқусырып отырмай, сәлде болса қол ұшын созу.

Орталық басшысы Жадыра Жұмағұлованың тікелей ұйытқы болуымен тосы жылдар ішінде жастардың жалынды істері көзге де түсіп жүр.

Міне, осындай жалынды жастар бүгінде жұмысқа кірісіп кетттік.
Қала ардагері, Сарысу ауданының құрметті азаматы Сержанов Өмірзақ, Сарысудың еңбек ардагері Қоңырбеков Ордабек аталарымыздың үйіне барып, есік алдындағы қарды күреп жатырмыз.

Ақсақалдар ақ батасын беріп, «Айналайындар ау»,-деп балаша мәз.

Шынайы қуанышты көруден асқан бақыт бар ма, сірә?!

Бұл міндетсініп, я жар салатындай үлкен дүние емес. Десек те үйде отқан яки өзіміз секілді жастарға үлгі-өнеге болады деген ниет.

Мұндай игі істер жалғасын таба бермек. Біз жастар болашақтың жарқын ұрпағымыз.

Біз біріксек, жақсылықтың жаршысы бола білсек, қоғамда орын алып жатқан ұсақ-түйек, болмашы түсінбестіктердің орын аламсы анық.

Жастар жақсылық жаршысы. Біз Сарысулық жастар-көш бастармыз.

#Cарысужастарресурстықорталығы
#Біз_Сарысулық_Жастармыз

Асылжан Пазылбеков, Сарысу жастар ресурстық орталығының қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.