Қарағандылық кәсіпкерді іздестіру барысында өзеннен әйелдің денесі табылды

0 476

Қарағанды облысының Нұра ауданында су тасқыны кезінде жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменовті іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жақында Нұра өзенінен сүңгуірлер белгісіз әйелдің мәйітін тапты.

«Іздеу шаралары кезінде қалдықтар табылды. Олар полицияға тапсырылды», — деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Қарағанды облысының полиция департаменті де мәйіт табылғаны туралы ақпаратты растады.

«Іздеу жұмыстары кезінде шынымен әйел табылды. Қазіргі уақытта барлық қажет сараптама тағайындалды. Марқұмның кім екенін анықтап жатырмыз», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Нұра ауданы тұрғындарының сөзінше, марқұмның сүйегі суда ұзақ уақыт жатқаны анық.

Бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Сүлейменовтің туыстары күтпеген мәлімдеме жасаған еді. Олар кәсіпкердің суға батып кеткеніне сенбейді. Жақындары белгісіз біреулер кәсіпкерді ұрлап, қылмыс ізін жою үшін көлікті суға батырған деп санайды. Сондықтан оны суда ғана емес, құрлықта да іздеуді сұрап отыр.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.