Қарағанды тұрғыны бөтен адамның атынан екі миллион теңгеге несие рәсімдеген

0 292

Қарағандыда біреудің телефонын тауып алып, оның атынан екі миллион теңгеден астам сомаға екі несие рәсімдеген ер адам ұсталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

14 мамырда 46 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгініп, ұялы телефонын жоғалтқанын хабарлады.

Біреу ұялы телефонын пайдаланып, оған бірден екі миллионнан астам теңгеге екі несие рәсімдеген. Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. 9 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.