Қапшағайда суға батып бара жатқан 5 адам құтқарылды

0 246
Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасындағы №6 қалалық жағажай маңынан суға батып бара жатқан 5 жасөспірімді құтқарып қалды.

Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасын шолу кезінде №6 қалалық жағажай ауданында суға батып бара жатқан жастарды байқаған.

«Жедел құтқару жұмыстары нәтижесінде жағалауға 2002-2004 жылдары туған 5 жасөспірім шығарылды. Олардың бірі ес-түссіз күйде болған. Реанимация шараларынан кейін қыз есін жиған және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген хабарламада.

Кейін жасөспірімдердің  Алматы қаласынан демалысқа келгені анықталды.

Алматы облысының ТЖД өкілдері суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

  • Тек рұқсат етілген жерлерде шомылу. Суға мас күйде түспеу;
  • Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктер өскен жерлерде шомылмаңыз;
  • Ағысы қатты жерлерде суға түспеңіз;
  • Егер судың температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз;
  • Жүзу тақталарын, бөренелерді, үй құрылғыларын пайдаланбаңыз;
  • Жағадан алыс жерде үрлемелі төсеніш немесе баллондарда жүзуге болмайды;
  • Балаларға суға түсуге болатын жерлерде ойнауға рұқсат бермеңіз;
  • Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.