«Пышақ кезеніп, шешіндіре бастаған». Петропавлда қызға шабуылдаған қасқөй ұсталды

0 370

Қаскөй қыздың пәтер есігін ашқанын күтіп тұрып, оның тамағына пышақ кезеніп, шешіндіре бастаған. Ол қарсылық көрсетіп, айқайлағанда шуды естіген көршісі қызды құтқарып қалған.

«18 сағат 15 минут шамасында Петропавл полиция басқармасының қызметкерлері 5 сәуір күні Жамбыл көшесіндегі үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасаған күдікті — бұрын сотты болған 49 жастағы қала тұрғыны ұсталды», — делінген қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

Қазір күдікті қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Ведомство оған қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

Бір айта кетерлігі, әлеуметтік желіде дәл осы күдікті қаланың басқа ауданында да қызға шабуыл жасағанын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.