Президент оқушылар үшін жанын пида еткен ұстазды марапаттады

0 280

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында оқушыларды құтқарамын деп мерт болған Мерей Ибрагимовты марапаттады.

«Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы «№ 199 мамандандырылған гимназия» КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын (марқұм)», – делінген президент қаулысында.

Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Еске салсақ, бұған дейін Шарын шатқалында селден екі адамның көз жұмғаны айтылған еді. Олардың бірі оқушы, екінші мектеп ұстазы екені анықталды.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.