Полиция қызметкерін жұмыс орнында өлтіріп кетті

0 766

Франция полиция қызметкерін өлтіріп кетті, бұл іспен Ұлттық терроризмге қарсы прокуратура айналысуда

Жұма күні Рамбуе қаласында күндіз ер адам комиссариат қызметкерінің мойын тұсына екі рет пышақ ұрған.

Алған жарақатынан полиция қызметкері, 49 жастағы әйел мерт болды. Оның артында 13 және 18 жастағы екі баласы қалды.

Күдікті қолға түсіп, жарақаттанды, кейінірек ол да жантәсілім етті.

Куәгерлердің сөзінше, күдікті полиция қызметкеріне шабуылдар алдында «Аллаху акбар» деп айғай салған. Оқиға орнына Ішкі істер министрі Жерлаьд Дарманен мен Франция Премьер-Министрі Жан Кастекс келді.

Франция Премьер-Министрі Жан Кастекс: «Мен мұнда Ішкі істер министрімен бірге осы оқиғадан кейін полиция мен Рамбуе комиссариатының қызметкерлеріне қолдау көрсету үшін келдім. Мен француздарға біздің терроризммен күреске деген табандылығымыз бұрынғы қалпында қалатынын айтқым келеді», – деді.

Шабуылды мәлім болғанындай, 36 жастағы Тунис азаматы жасаған. Ол жуырда ғана Францияның Рамбуе қаласына көшіп келіп, курьер болып жұмыс істеп жүрген.

Оның Францияда уақытша тұру рұқсаты болған және оның мерзімі биылғы жылдың желтоқсанында бітуі қажет еді. Департаменттер мен өңірлердің әкімшіліктеріне комиссариаттар мен жандармерия казармаларының күзетін күшейту тапсырылды.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.