Полиция қызметкері жасөспірімнің өліміне себеп болды

0 354

АҚШ полицейі 16 жасар жасөспірімнің өліміне себепкер болды

Қайғылы оқиға Мэриленд штатында орын алған.

Полиция басқармасының мәліметінше, Сент-Мэри округінің бөліміне екі ер азаматтан көшеде қарулы жасөспірімнің жүргені жайлы шағым түскен, мән-жайды анықтау мақсатында патрульдік полиция қызметкері оқиға орнына келген.

«Куәгерлердің айтуынша, бала тапаншаны полицияға кезенген, қорғаныс мақсатында құқық қорғаушы жас жігітті атып, жарақаттаған. Куәгерлердің бірі бірінші оқтан кейін жас жігіттің пышақты суырып алып, тұруға тырысқанын айтады. Офицер оған қаруын тастауды бұйырды», делінген News.ru хабарламасында.

Осыдан кейін полиция қызметкері атыс туралы хабарлап, жедел жәрдем шақырады. Кейін жеткіншек ауруханада қайтыс болды.

Зерттеу нәтижелерінде тапанша аэрофт ойнауға арналған қару екені анықталды. Тергеу барысында полицей жұмыстан шеттетілді, делінген мақалада.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.