Павлодар облысының тұрғыны мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін қамауға алынды

0 247

Павлодар облысында мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін ер адам қамауға алынды.

38 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлаған.

«5 маусымда Павлодар облысының полициясына 42 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүгінді, олар әлеуметтік желі қолданушысын әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрады. Ер адам Instagram-дағы парақшасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлап, рәміздерге құрметсіздік танытқан», — деді Павлодар қаласы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ереже бұзушы анықталып, ұсталғанын атап өтті.

Павлодар облысы, Ефремовка ауылының 38 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап, бұл ішімдікке мас күйінде жасалған әрекет болғанын түсіндірді.

«Ауыл тұрғынына қатысты тәртіп сақшылары ӘҚБтК-нің 434-бабының бірінші бөлігі «Ұсақ құқық бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жіберілді», — деп толықтырды полиция.

Сот отырысы 6 маусымда өтті. Сот отырысында ауыл тұрғыны жасаған ісіне өкініп, құқық бұзушылықтағы кінәсін мойындады. Сот оны бір тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

stan.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.