Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

0 51

Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акцияларын, ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсаты – сайлаудың белсенді, әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу.
Бүгiн «Кандидат – қонақта» канвассинг iс-шарасы аясында аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер Б. Қалымбетов, Ж. Бұхарбаевтар ауданымыздағы Ақбақай ауылының тұрғыны, I- топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Нурманов Дәкардың үйiне арнайы барып, «Nur Оtan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылдың iшiнде атқарылатын жұмыстардан сыр шерттi.
Партияның сайлауалды бағдарламасымен толық танысқан Д. Нурманов депутаттыққа үмiткер жандарға сəттiлiк тiлеп, пiкiрiмен бɵлiсiп, ақ батасын бердi.

Leave A Reply

Your email address will not be published.