Параплан құлап, екі адам зардап шекті

0 270

Алматы облысында параплан құлады. Салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың бірі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Желіде сол сәттен түсірілген видео тарады.  

Оқиғаның видеосы бүгін, 11 мамырда әлеуметтік желілерде пайда болды. Төтенше жағдай Алматы облысы Шамалған ауылында болған. Жазба сипаттамасындағы мәліметке сүйенсек, параплан электр тарату желілеріне ілініп, үзіп кеткен. Параплан ауа ағынына түскендіктен, басқарылмай қалған.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайын айтты. Ведомство мәліметі бойынша, 9 мамырда Қарасай аудандық ауруханасына парапланмен құлаған екі адам жеткізілген. «1971 жылы туған науқас жансақтау бө­­ліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Диагнозы: жабық бассүйек, ми жарақаты, ми контузиясы, бірнеше сүйектің сынуы. 2004 жылы туған науқас травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Жағ­­дайы орташа ауыр. Диагнозы: жабық бассүйек, ми жарақаты, ми шайқалуы, омыртқаның жабық ком­­­прессиялық сынуы», – деді Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Нұрбек БАҚЫТ

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.