Пара алудың ең қауіпсіз тәсілі пайда болды

0 885

Бұдан былай жемқорлар үшін «ұсталып қаламын-ау» деп қорықпай-ақ пара ала берудің тиімді тәсілі табылды. Бұл туралы «ХАҚ» қозғалысының көшбасшысы Тоғжан Қожалиева мәлімдеп отыр.

«Жақында мынадай жаңалық естідім. Ресей депутаттары мен үкімет мүшелері параны биткоин түрінде ала бастапты. Осылайша, үлкен табыстың қайдан келгенін түсіндіру оңай болатын көрінеді. «Мұнша ақшаны қайдан алдың?» деп сұраса, іркілмей: «Биткоин саттым», – деп жауап беруге болады. Біздің коррупционерлердің құлағына алтын сырға!» – дейді саясаткер ханым әзіл-шынын араластырып.

Бірақ бұл жаңалық көпшіліктің көңілінен шықпай отыр. «Неге айттың мұны? Біздің шенеуніктер мұны естісе, тез меңгеріп алады», – деп қарсы шыққандар бар. Ал екіншілері қуана құптаған. Олардың пікірінше, биткоин төңірегіне қақпан құрса жеткілікті, жемқорлар өздері келіп қолға түсе бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.