Пара алған шендіге 2,5 млн теңге айыппұл салынды

0 233

Жамбыл облысының шенеунігі танысының әкесіне ІІ-топтағы мүгедектік мерзімін ұзарту үшін пара алу фактісі бойынша сотталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

«12 сәуірде Тараздағы №2 соттың үкімімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зейнебеков кінәлі деп танылып, оған 2,5 млн теңге айыппұл салынды», — деді Биғайдаров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Жамбыл облысы No5 қалалық емхананың емдеу бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Аймұрзаевқа 1 миллион теңге, ал сыбайлас Шахмановқа 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Зейнебеков 22 қаңтарда Аймұрзаевтың делдалы арқылы ІІ-топтағы мүгедектік мерзімін ұзартуға көмектескені үшін Шахмановтан 100 мың теңге пара алды», — деп түсіндірді тергеуші.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.