Өзбекстанда сәбіз күрт қымбаттады

0 399

Өзбекстанда енді палауға сәбіз аз мөлшерде қосылатын секілді.

Себебі көрші елде көкөністің бұл түрі күрт қымбаттап кетті. Ташкент тұрғындары сәбіздің құны 3 есеге дейін шарықтап кеткендігін айтады. Қазір базарлар мен дүкендерде сәбіз 360 пен 440 теңге төңірегінде саудаланып жатыр. Кей мамандар бұндай өзгерістің басты себебі өзбекстандық сәбізді импорттаушы елдерде бағаның өскендігімен байланыстыруда. Яғни жергілікті диқандар арзан бағаға ел ішінде сатқаннан гөрі сыртта саудалап, пайда тапқанды жөн санайды. Салдарынан республика төңірегінде былтырдан қалған сәбіздің тапшылығы қатты сезіліп отыр. Ал жаңа өнім әлі пісіп үлгірмеді. Бірақ ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның күрт өсуіне экспорттың еш қатысы жоқ деп отыр. Бәріне кінәлі ауа райы дейді ведомство өкілдері.

Өзбекстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Нигора Ходжаева: «Шынымен де қазір Өзбекстанда сәбіздің бағасы қымбаттап кетті. Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды тұрақтандыру үшін тиісті шараларды қолға алды. Бағаның өсуіне биыл ақпан мен сәуір айларында ауа райының суық болуы себеп болды. Яғни осы мезгілде ерте пісетін өнімнің шығуы 20-25 күнге кешікті. Енді жағдай осы айдың соңында биыл егілген сәбіз толық піскен кезде тұрақталмақ», — деді.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.