Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды

0 196

Бүгін таңға жуық Өскемендегі тағы бір жаңа үйдің қабырғасы қақырап кетті. Тағы деп отырғанымыз, дәл осындай оқиға өткен жылдың желтоқсанында да болған

21 сәуір күні облыс орталығындағы Бауыржан Момышұлы көшесіндегі №14 үйдің сайдингін жел жұлып жіберген.

– Таңғы сәремізді ішіп отырғамыз. Үш жарымға қарай тарсылдаған дауыс естілді. Атыс басталып кетті ме деп ойладық. Сөйтсек, төртінші мен бесінші подъездің арасындағы қаптама ажырап кетіпті. Өткенде «Нұр Отан», «Шығыс Адалдың алаңы» өкілдері келгенде тұрғындар «анау жер құлайды» деп айтқан. Мән берген ешкім болмады. Тағы қаусап тұрған жерлері бар, – дейді қабырғасы қарс айырылған үйдің тұрғыны Гүлжанат Оралбаева.

Қала басшылығының айтуынша, бұл үйге тапсырыс беруші, «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ. Ал мердігер компания «Күршім құрылыс» ЖШС.

– Тапсырыс берген де, қабылдап алған да «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ өкілдері. Бұрын мемлекеттік комиссия қабылдайтын. Заңдағы ол бөлімді бес жыл бұрын алып тастаған. Сөйтіп өздері қабылдап, банк арқылы сатқан. Кепілдік бар. Қазір сайдингті қайта қалпына келтіріп жатыр. Бірақ, бұл жағдай қайталана беруі мүмкін, – дейді Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.